ПАВЛОДАР: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Павлодар облысының қасапшыларына шариғат талаптарына сай мал бауыздау және ет өңдеу тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы дәріс оқып, халал талаптарының негізгі қағидаларын, малды бауыздау кезіндегі шариғи шарттарды, санитарлық-гигиеналық талаптарды және ет өнімдерін өңдеу мен сақтаудағы маңызды аспектілерді кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға халал стандарттарының сақталмауынан туындайтын қателіктер, оларды болдырмау жолдары, бақылау мен қадағалау талаптары туралы нақты мысалдар келтірілді. Іс-шара барысында қасапшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.


