ПАВЛОДАР: ДӘМХАНАЛАРДА КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРІС
Павлодар қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында айлық аудит жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «Izmir», «Lanzhou», «Discovery Coffee» дәмханалары тексерілді.
Аудит барысында «QMDB Halal» стандарты талаптарының орындалуы, қолданылатын өнімдердің құрамы мен шығу тегі, тағам әзірлеу барысындағы технологиялық үдерістер, санитарлық-гигиеналық жағдайлар және қызмет көрсету саласы жан-жақты бағаланды. Сонымен қатар, жауапты қызметкерлерге халал талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты нақты ұсыныстар берілді.




