«QULPYNAI BAKERY» ЖӘНЕ «QYZMET CATERING» КӘСІПОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы қаласындағы «Qulpynai bakery» кондитерлік цехы мен «Qyzmet catering» жартылай фабрикат өндірісінде аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын Әселхан Сәбитқызы мен Жансая Шалқарқызы орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың шикізат қабылдау, сақтау, өндіру және дайын өнімді орау үдерістері толықтай тексерілді. Сондай-ақ, өндірісте қолданылатын қоспалар мен қосалқы ингредиенттердің «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі сарапталды. Тексеру нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының маңызы түсіндіріліп, өндірістік гигиена, тазалық және өнімнің шариғат талаптарына сайлығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.







