Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

19 мартa 2025

179

Новости

АҚТӨБЕ: «TAKSIM» ЖӘНЕ «WOK POINT» СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы «Taksim» және «Wok point» дәмханаларының «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» жергілікті технологы Ақмаржан Ержанқызы дәмханалар аумағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өнім мен өндірістің халал стандартына сәйкестігін бақылады.

Аудит барысында тағамдардың құрамындағы барлық ингредиенттердің халал талаптарына сай болуы, ас әзірлеу процесінде шариғатқа сәйкес әдістердің қолданылуы мен санитарлық жағдайлар тексерілді. Сонымен қатар, шикізаттардың шығу тегі мен олардың жеткізілу тізбегі де мұқият қаралды.

«Taksim» және «Wok point» дәмханаларының өнімдері мен қызметі «QMDB Halal» стандартына толық сәйкес келіп, халал сертификаттарының жаңартылуы олардың жоғары сапа мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретіндігін көрсетті», – деп хабарлайды маманымыз.

Поделиться: