Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

10 апреля 2025

112

Новости

ТҮРКІСТАН ОБЛ.: ҚАЛА, АУДАН БАС ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР

Түркістан облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан бас имамдарына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар өткізілді. Семинарда облыс Бас имамы Ержан қажы Сматұлы Толепов дәріс оқыды.

Семинар барысында халал өнімдер өндірісі, сертификаттау процесі және шариғаттың осы саладағы талаптары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, биыл ҚМДБ құрылғанына 35 жыл толуына орай қала,  аудандардағы дәмхана, қасапхана, кондитерлік өнімдер тб халал сертификатын алуға насихаттау үздіксіз жүргізілуі тиістігі айтылды және тапсырылды. Биыл әр өңір кемі 5 мекемені "Халал даму" мекемесінің стандартына өткізіп, куәлік алуға күш салу керектігі баса айтылды. Жалпы халал ұғымының тек азық-түлікпен шектелмей, барлық тұрмыс салаларына қатысты екендігін атап өтті.

Семинар барысында имамдар сұрақтар қойып, халал өнімдерінің ерекшеліктері мен шариғатқа сәйкес келетін өндіріс процестерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, семинарда халал сертификатын алу үшін қажетті талаптар мен рәсімдер туралы да сөз қозғалды. Семинар соңында әрбір қала, аудан бас имамдарына жергілікті жерлерде тұрақты семинарлармен уағыздар жүргізу қажеттігі тапсырылды.

Поделиться: