Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

13 мая 2025

18

Новости

ЖАҢАӨЗЕН ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына іс-сапар барысында жергілікті әйел жамағатына «Күмәнді, халал және харам өнімдерді анықтау жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Халал Даму» технологы Жанат Ахметқызы дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушыларға күнделікті тұтынатын тағамдар мен тұрмыстық өнімдердің құрамын талдау, күмәнді қоспаларды ажырату және сенімді халал таңбаларын тану жолдары түсіндірілді. Жанат Ахметқызы шариғаттағы халал мен харам ұғымдарының негіздерін түсіндіріп, «QMDB Halal» стандартының талаптарына тоқталды.

Қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, шынайы мысалдар негізінде пікір алмасу өтті. Әсіресе, дүкен сөрелеріндегі өнімдердің шынайы халал мәртебесін анықтау, тағам қоспаларының (Е-кодтар) халал/харам классификациясы және косметика мен тұрмыстық химия заттарындағы шариғатқа қайшы құрамдас бөліктер туралы нақты ақпараттар берілді. Семинар соңында қатысушылар «Халал Даму» мамандарына алғыстарын білдіріп, мұндай ақпараттық шаралардың маңыздылығын атап өтті.




Поделиться: