Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

13 мая 2025

10

Новости

ЖАҢАӨЗЕНДЕ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізілді. Аудит барысында жергілікті тамақтану орындары, ет дүкендері, кондитерлік кәсіпорындар тағы басқа өндіріс орындары тексеріллі. Аудитті «Халал Даму» мамандары Жанат Ахметқызы мен Іздібай Бегенұлы орындады.

Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Әсіресе, шикізаттың шығу тегі, дайын өнімнің құрамы, өндірістік және сақтау орындарының тазалығы мен қызметкерлердің санитарлық талаптарды сақтауы назарға алынды.

Жергілікті тамақтану орындарында ас дайындау процесіндегі халал талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды. Ет дүкендерінде малды бауыздау, етті сақтау мен тасымалдау талаптарына сәйкестік тексерілді. Ал кондитерлік кәсіпорындарда құрамындағы желатин, хош иістендіргіш, бояғыш заттардың шығу тегі мен сертификаттары зерттелді. Аудит нәтижесінде бірқатар ұсыныстар беріліп, кейбір кәсіпорындарға ескертулер жасалды. Сонымен қатар, халал талаптарын толық сақтап отырған кәсіпорындарға оң баға берілді.

Поделиться: