ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар Жетісу облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізуде. Бақылау-қадағалау шараларына облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы, халалдың жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай қатысты.
«Аудит барысында жергілікті қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, кондитерлік цехтар, ет дүкендері тексерілді. Тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетті. Десе де кәсіпорында бекітілген стандарт талаптарының орындалуын бұдан әрі жақсарту мақсатында ескерту жасалынды. Алдағы уақытта ескертулердің жүзеге асуы бақыланады», – дейді маманымыз.