Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

21 ноября 2024

30

Новости

ЖЕТІСУ: ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының төрағалығымен жергілікті кәсіпкерлерге халал стандарттау және сертификаттау бағытында семинар өткізілді. Семинарға технолог Мейіржан Бауыржанұлы, халалдың өңірлік өкілі Мұхаммед Ордыбай және жергілікті кәсіпкерлер қатысты. 

«Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында экономиканың негізгі қозғаушы күші ретінде кәсіпкерлік саласын айқындап келеді. Сондықтан, Бас мүфти Наурыбай қажы Тағанұлының бастамасымен халал индустриясын дамыту, халал кәсіпорындар санын ұлғайту, адал өнімдермен халықты қамтамассыз ету, отандық өнімдердің әлеуетін арттыру бағытындағы бірқатар жұмыстар атқарылуда. Сіз бен біз Жетісу өңірінің мүмкіндігін молынан пайдаланып, халал саласын бұдан да биік деңгейге көтереміз деп сенемін», – деді А.Асқарбекұлы.

Жиын соңында, облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті кәсіпкерлерді халал индустриясын дамытуға үлес қосып, бірлесе қызмет етуге шақырды.

Поделиться: