
1 ЖЫЛДА 205 КӘСІПОРЫН ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)
**Халал стандарттау – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бақылауындағы маңызды саланың бірі.** ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК мекемесімен екіжақты ынтымақтастық орнатып, ортақ келісім аясында қызмет етіп келеді. Келісім-шартқа сәйкес, зертханалық базада өнім құрамын молекулалық-генетикалық тұрғыдан тексеру жұмыстары жолға қойылды. Орталық осы уақытқа дейін 500-ге жуық кәсіпорынға стандарттау және сертификаттау жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын иелеріне арнайы куәлік табыстады. Ал 2020 жылы «ҚМДБ халал» таңбасын алған кәсіпорын саны 205-ке жетті. Сонымен қатар, 300-ге жуық қасапшы біліктілікті арттыру курсынан өтіп, арнайы куәлікке ие болды. Айта кетсек, осы жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Халал Даму» мекемесі жанынан «Оқу орталығы» ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – халал сертификатын алған мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Халыққа халал өнімдер туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында www.halaldamu.kz сайтының жаңартылған заманауи үлгісі және мобильді қосымшасы іске қосылды.        