Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 қараша 2025

9

Жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе қаласындағы «Samal cakes», «Balgyn tort», «Сарқыт» кондитерлік өнімдерді дайындау цехтары, «Taksim», «Wok point», «Изюм», «Фирдаус», «Ланджоу», «Good foof», «Afsona», «Afsona family», «Maki-maki», «Сарқыт» дәмханалары, «Кемел білім» мектеп асханасы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы орындады.

Тексеру барысында кәсіпорындарда пайдаланылатын шикізат пен дайын өнімдердің құжаттары, қойма және өндірістік аймақтардың санитарлық жағдайы, сондай-ақ халал стандарттарының талаптарына сәйкестігі қаралды. Нәтижесінде бірқатар нысандарда өнім құрамына қатысты түсіндірмелер беріліп, шикізат жеткізушілерінен халал сәйкестік құжаттарын нақтылау бойынша ұсыныстар айтылды.

Жалпы, нысандардың көпшілігі өндіріс процесінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап, халал талаптарын орындайтыны анықталды. Бақылау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды актілер толтырылып, кәсіпорын өкілдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Бөлісу: