Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 қараша 2025

12

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: «МАГНУМ» САУДА ОРЫНДАРЫНДА АУДИТ

Алматы қаласындағы «Магнум» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері тексерілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терликбаев орындады. 

Тексеріс барысында өнімдердің сертификаттары, өндірушінің құжаттары және өндіріс процесінің халал талаптарына сәйкестігі мұқият қаралды. Сондай-ақ, қойма мен дүкендегі сақтау шарттары, өнімдердің мерзімі, қаптамасы және этикеткадағы ақпарат тексерілді. Өміржан Терликбаев тауарлардың халал стандарттарына толық сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында дүкен қызметкерлеріне нұсқаулық беріп, қажетті түзетулер мен ұсыныстарды жеткізді.


Бөлісу: