ТАЛҒАР ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Алматы облысы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков Талғар қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінің жамағатына халал турасында насихат айтты.
Сондай-ақ кездесуде «Халал Даму» жүйесінің стандарттары мен талаптары түсіндіріліп, тұтынушылардың халал өнімді таңдаудағы жауапкершілігі жөнінде айтылды. Жанәбіл Жұмабеков қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, халал сертификаттаудың кезеңдері мен маңызына тоқталды. Іс-шара соңында жамағат тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, халал өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

