Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 қараша 2025

13

Жаңалықтар

«МИЛХ» СҮТ ЗАУЫТЫНДА АУДИТ

Қостанай облысындағы «Милх» сүт зауытында ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптары бойынша аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Айтмұхан Мусин, Жанар Мұратқызы, Алишер Балахмет, Гүлмира Маратқызы орындады.

Аудит барысында кәсіпорында қолданылатын шикізат пен қосалқы ингредиенттердің халал талаптарына сәйкестігі, өндірістік цехтардың санитарлық-гигиеналық жағдайы және дайын өнімнің қауіпсіздігі тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің халал стандарттары жөніндегі білім деңгейі мен ішкі бақылау жүйесінің жұмысы бағаланды.

Аудит ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 «Халал өнімдер – Жалпы талаптар» стандарты негізінде жүргізілді. Аталған стандарт Ислам ынтымақтастығы ұйымының (OIC) және Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының (SMIIC) талаптарына сай әзірленген, және ол халал өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық деңгейдегі нормативтік құжат болып табылады. 

«Мұндай аудит отандық сүт өнімдері нарығында халал стандарттарын ілгерілету мен тұтынушы сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады», – дейді мамандарымыз.

 


Бөлісу: