Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 сәуір 2020

27

Жаңалықтар

«АЛТАЙ» АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Павлодар қаласындағы «Алтай» асханасы «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай сертификатталды.

Бүгін, бөлім меңгерушісі Айбек Аташев мұсылмандардың қара шаңырағында «Алтай» асханасы басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады.

Айбек Асқарбекұлы елімізде халал асханалар санының көбеюі көз қуантарлығын, алайда, күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін жеткізді. Өз кезегінде, «Халал Даму» ЖШС-ң өңірлік жауапты өкілдері асханада ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұратындығын ескертті.

«Серік Айдын» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Алтай» асханасы 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарына сәйкес сертификатталды.

Бірінші май 164/1 мекен-жайында орналасқан «Алтай» асханасы толықтай «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай.

"Халал Даму" ЖШС-ң баспасөз қызметі

Бөлісу: