Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 сәуір 2020

44

Жаңалықтар

ТАРАЗ: 10 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында жақсылық жасауға жарысқан «Иштаев», «Досматов», «Исмаилов» кәсіпорындары Тараз өңіріндегі мұқтаж 10 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нұрмаджан бақылауындағы шұжық кәсіпорындарының Рамазан айында мол сауап пен еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып, осындай қайырымдылық шараларын ұйырдастырып жатқандығын жеткізді.

Азық-түлік құрамына ең қажетті күнделікті тұтынатын (шәй, ұн, май, макарон, күріш, көкеніс өнімдері, шұжық және құрма) өнімдер енгізілді.

Аталған кәсіпорындар, шұжықтың отаны саналатын Тараз өңіріндегі «ҚМДБ халал» стандартына сай өнім өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі.

Мұндай қайырымдылық шаралары «Халал Дамумен» серіктесе жұмыс жасайтын өзге де кәсіпорындар тарапынан жалғасын табатын болады.

"Халал Даму" ЖШС-ң баспасөз қызметі

Бөлісу: