АЛМАТЫ ОБЛ.: ОРАЗАДА 30 ОТБАСЫҒА КӨМЕК
Алматы облысы бойынша «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің ұйымдастыруымен "Халал Дамудың" атынан 30 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген еліміздегі төтенше жағдай кезінде сыртқа шығуға мүмкіндігі шектеулі мүгедектер мен қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға тұрмысқа ең қажетті деген азық-түліктер жеткізілді.
Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Халал Дамудың» өңірлік өкілдері мұндай ізгі бастама әлі де жалғасын табады деп жоспарлауда.
ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ң баспасөз қызметі