Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 сәуір 2020

25

Жаңалықтар

ТАРАЗ: "ТАХИР", "ХАМРАЛИЕВ" ШҰЖЫҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ң Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов  сертификаттаудан өткен шұжық цехтарын кезекті айлық тексерістен өткізуде.

Бүгін, «Шейх», «Қазына»сауда белгілерімен танылған «Хамралиев А.П» және «Нур Алтын», «Сано», «Мясной стандарт», «Руслан», «Aziz», «Колбасоff» секілді шұжық өнімдерін шығаратын «Тахир» шұжық цехтарында кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады.

Нұрмаджан Миразизов жүргізген сәуір айының кезекті тексеріс нәтижесі бойынша, «Хамралиев А.П» және «Тахир» шұжық цехтарында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.

"Халал Даму" ЖШС-ң баспасөз қызметі

Бөлісу: