АЛМАТЫ ОБЛ.: 620 000 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Алматы облысы бойынша «Халал Дамудың» жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің бақылауындағы кәсіпорындар мен жергілікті «Зекет қорының» ұйымдастыруымен 100 отбасыға 620 000 мың теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Осыған дейін, елдегі төтенше жағдай кезінде де қайырымдылықты тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан «Халал Дамудың» Алматы облысындағы өкілдігі, сауаптар еселенетін Рамазан айында қайырымдылық жобалар санын арттыруда.
Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Халал Дамудың» өңірлік өкілдері мұндай ізгі бастаманы қолдап, ат салысқан жергілікті кәсіпорын басшыларына алғысын білдірді.
"Халал Дамудың" баспасөз қызметі