Лабораториялық тексеріс жүргізіледі ме?
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Сіздер сертификаттайтын кезде лабораториялық тексеріс жүргізесіздер ме? Қандай зертханаларда тексеріледі?
⠀
Жауап: Сәлеметсіз бе! Иә, лабораториялық зертхана міндетті түрде жүргізіледі.
⠀
Шұжық цехы, тағамдық қоспалар өндірісі, кондитерлік өнімдер, сусын өндірісі секілді күрделі өндіріс орындарын сертификаттау барысында күмәнді деп танылған барлық өнімдер зертханалық тексеріске жіберіледі.
⠀
Сертификатталған күрделі өнім өндіруші өндіріс орындары 6⃣ ай сайын тексеріліп отырады.
⠀
Зертханалық тексеріс Алматы қаласында орналасқан “Treegene” молекула-генетикалық зертханасы және Ұлттық экспертиза орталығында жүргізіледі.