Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қараша 2025

15

Мақалалар

ХАЛАЛ ИНДУСТРИЯСЫ: ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Соңғы жиырма жыл ішінде халал индустриясы әлемдік экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан бағыттарының біріне айналды. Бүгінде оның жалпы нарықтық құны 7 триллион АҚШ долларынан асып, 2030 жылға қарай 10 триллион долларға жетеді деп болжануда. Бұл көрсеткіш халал индустриясының ауқымы мен оның жаһандық экономикалық жүйедегі орнының қаншалықты маңызды екенін айғақтайды.

Халал индустриясы тек азық-түлік секторымен шектелмей, бүгінде ол фармацевтика, косметика, туризм, қаржы және сән индустриясын да қамтиды. 2023-2024 жылғы Дүниежүзілік Ислам экономикасы есебіне сәйкес, мұсылмандардың халал өмір салтына бағытталған алты негізгі сектордағы шығыны 2022 жылы 2,29 триллион АҚШ долларын құраған. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда едәуір өсім, яғни халал нарығы тек мұсылман елдерімен шектелмей, этикалық, сапалы және экологиялық таза өнімге сұранысы жоғары өзге дін өкілдері арасында да кеңінен танылуда. Мысалы, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркия сияқты елдер халал экономикасының халықаралық орталықтарына айналған. Соңғы жиырма жыл ішінде «халал нарығы» өте жас күйден қарқынды даму үстіндегі динамикалық құбылысқа айналды.

Ғалымдардың зерттеуінше, халал индустриясы туралы ғылыми еңбектер саны да айтарлықтай артқан. ResearchGate базасында жарияланған «A historical review on Halal industry in the world: Challenge and improvement opportunities» атты ғылыми талдау 214 ғылыми жарияланымды қамтып, бұл саладағы зерттеу бағыттарының даму динамикасын көрсеткен. 2009 жылы небәрі үш ғылыми мақала тіркелсе, 2022 жылы олардың саны 42-ге жеткен. Бұл халал экономикасы мен стандарттау тақырыптарына деген ғылыми қызығушылықтың тұрақты өсімін дәлелдейді. Қазіргі таңда халал өнімдерін тек мұсылмандар ғана емес, әртүрлі дін өкілдері де тұтынуда. Себебі халал стандарттары – өнімнің тазалығына, сапасына және этикалық өндірісіне кепілдік береді. Әсіресе Еуропа мен Азия нарықтарында «halal-certified» белгісі бар тауарларға сенім жоғары. Сонымен қатар, экологиялық таза және жануарларға гумандық қатынасты ұстанатын өндірістерге сұраныс артып келеді. Бұл – халал стандарттарының жаһандық тұрақты даму мақсаттарымен үйлесетінін көрсетеді. Индонезия – әлемдегі ең ірі халал азық-түлік тұтынушысы (2022 жылы 149,8 млрд доллар), ал Сауд Арабиясы барлық халал секторларындағы жалпы тұтыну бойынша көш бастап тұр (жылына шамамен 207 млрд доллар). Өндіріс және экспортта мұсылман емес елдердің үлесі жоғары: Бразилия – ОИК елдеріне ең ірі халал ет экспорттаушы, ал Үндістан, АҚШ, Ресей және Австралия да негізгі жеткізушілер қатарында. Франция – халал косметика экспортында жетекші орынға ие. Мұсылман елдерінен Малайзия, Индонезия және БАӘ – халал өндіріс пен сертификаттауда аймақтық көшбасшы. Малайзияның JAKIM агенттігі әлемдік деңгейде мойындалған сертификаттау жүйесін құрса, Индонезия арнайы халал индустриялық аймақтар ашып, бұл саланы ұлттық стратегияға енгізді. 

Соңғы деректер бойынша, мұсылмандар әлемдік азық-түлік шығындарының жалпы көлемінің 16.6 пайызын құраған. Ал, 2030 жылға қарай мұсылмандар саны 2.2 миллиардтан асса, халал әлемдік азық-түлік нарығында үстемдік етуді жалғастырады деп күтілуде. Әлемдік халал нарығының қарқынды өсуіне бірқатар маңызды факторлар әсер етуде. Ең алды мен, мұсылмандар санының артуы мен мұсылман елдеріндегі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) тұрақты өсімі бұл саланың дамуына серпін берді. Сонымен қатар, халал нарығында жаңа кәсіпкерлердің көбеюі мен мұсылман өмір салтының кеңінен насихатталуы да индустрияның ауқымын кеңейтуге ықпал етуде. Алайда, халал өнімдерін тұтынушылар тек мұсылмандармен шектелмейді, бүгінде түрлі дін, ұлт және мәдениет өкілдері де халал өнімдерге сенім білдіріп, оларды күнделікті өмірде жиі тұтынады. Себебі халал ұғымы тек «малды бауыздау», «ішімдік» немесе «доңыз өнімі» сияқты діни талаптармен шектелмей, әмбебап концепцияға айналды. Осы тұрғыдан алғанда, «халал»  терминін тек діни міндеттеме емес, «сенім» мен «сапаның» синонимі ретінде қарастыруға болады. Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары халал индустриясы жаңа даму тенденцияларымен ерекшеленбек. Ауқатты мұсылмандар санының артуы халал туризм, сән және косметика салаларындағы бизнестің өркендеуіне жол ашады. Сонымен қатар, халал өнімдердің сапасы мен табиғилығына сенетін мұсылман емес тұтынушылар қатары да көбейе түседі. Нәтижесінде, жаһандық халал нарығы әлемдік экономиканың перспективалық әрі коммерциялық тұрғыдан бәсекеге қабілетті маңызды секторы ретінде қалыптасады деп күтілуде. 

Сонымен бірге, халал индустри ясының дамуы тек экономикалық емес, мәдени және этикалық факторлармен де тікелей байланысты. Халал стандарттары – тұтынушының адалдығына, қауіпсіздігіне және са паға деген сенімін қалыптастыратын негізгі механизм. Сондықтан көпте ген елдер халал сертификаттау жүй есін заңнамалық деңгейде енгізіп, ұлттық стандарттау институттары арқылы қадағалауды күшейтіп отыр.

Қазақстан халал индустриясы да аймақтық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып саналады. Бүгінде еліміз халал өнімдері мен қызметтерін өндіру және экспорттау бағытында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, аймақтық көшбасшылардың қатарына қосылуға әлеуетті мемлекет ретінде танылып отыр. Елде халал өнімдерін сертификаттау және стандарттау жүйесі қалыптасқан. Бұл бағытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» мекемесі маңызды рөл атқарады. Біздің мекеме Қазақстан аумағында халал стандарттарын енгізу, мониторинг жүргізу және кәсіпорындарды сертификаттау бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінгі таңда 2000-нан астам кәсіпорын «Халал Даму» тарапынан сертификатталған, олардың шамамен 50 пайызын қоғамдық тамақтану орындары құрайды. Сонымен қатар, ұйым мамандарының қатысуымен халықаралық тәжірибеге негізделген алты ұлттық стандарт әзірленіп, бекітілді. Бұл стандарттар Ислам ынтымақтастығы ұйымы (OIC) және Ислам елдерінің стандарттар және метрология институты (SMIIC) қабылдаған халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді.

Қазақстанның халал индустриясы халықара лық деңгейде мойындалуының негізгі факторла рының бірі – шетелдік аккредиттеу процестері. Атап айтқанда, 2018, 2022 және 2025 жылда ры Малайзияның Исламды дамыту департаменті (JAKIM) тарапынан ресми аккредиттеу алынып, бұл отандық сертификаттау жүйесінің сенімділігі қатар, мен халықаралық үйлесімділігін растады. Соны- мен «Халал Даму» мекемесі 2019 жылғы 18 қарашада ҚР аккредиттеу жүйесін де №KZ.H.01.0002 аттестатын иеленді. Бұл құжат   ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 стандартының талаптарына сәйкестігін дәлелдейді.  

Сондай-ақ, Қазақстанның ха лал индустриясы тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар халықара лық деңгейде де бәсекеге қабілетті сала ретінде қалыптасуда. «QMDB Halal» таңбасымен шығарылатын отандық өнімдердің елеулі бөлігі және кәсіпорындарды сертификаттау бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінгі таңда 2000-нан астам кәсіпорын «Халал Даму» тарапынан сертификатталған, олардың шамамен 50 пайызын қоғамдық тамақтану орындары құрайды. Сонымен қатар, ұйым мамандарының қатысуымен халықаралық тәжірибеге негізделген алты ұлттық стандарт әзірленіп, бекітілді. Бұл стандарттар Ислам ынтымақтастығы ұйымы (OIC) және Ислам елдерінің стандарттар және метрология институты (SMIIC) қабылдаған халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. шетел нарығына экспортталып, өңірлік экономикалық айналымда өз орнын нығайтуда. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның халал индустриясын Орталық Азия кеңістігіндегі стратегиялық маңызы бар экспорттық секторлардың бірі ретінде танытып отыр. 

Қорыта айтқанда, халал ин дустриясы бүгінде әлем-дік эко номиканың тұрақты әрі этикалық бағытына айналып келеді. Жаһан дық трендтерге сәйкес, халал ин дустриясының болашағы цифрлық технологиялар мен, жасанды интеллектпен және блокчейн жүй есімен тығыз байланысты болмақ. Халал өнімдерінің ізін бақылау, жеткізу тізбегін қадағалау және тұты нушыларға ашық ақпарат беру осы технологиялар арқылы жүзеге асады. Мұндай инновациялар индуст- рияны жаңа деңгейге көтеріп, оның сенімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Оның дамуын да ғылыми зерттеулердің, халықаралық ынтымақта стықтың және заманауи технологиялардың рөлі ора сан. Болашақта халал индустриясының өркендеуі тек мұсылман қауымының қажеттілігін өтеумен шектелмей, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген адал, қауіпсіз және сапалы тұтыну мәдениетін қалыптас- тыруға ықпал етпек. 



Айгүл ОРАЛБАЙҚЫЗЫ,
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің технологы


Бөлісу: