"ҚМДБ халал" таңбасын заңсыз қолданатындар бар ма?
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! "ҚМДБ халал" таңбасын заңсыз қолданатындар бар ма?
⠀
Жауап: Сәлеметсіз бе!
Иә, “ҚМДБ халал” таңбасын өнімдердің сыртқы қаптамасында, асхана, дәмханаларда, әлеуметтік желілерде заңсыз пайдаланатындар кездесіп жатады.
⠀
Біздің тарапымыздан заңсыз қолданғандығы анықталған кез-келген кәсіпорынға заң тұрғысынан тиісті шаралар қолданылады.
⠀
“ҚМДБ халал” таңбасын заңсыз пайдаланушыларға қатаң шаралар қолдану қолға алынуда.
⠀
Ескерту! "ҚМДБ халал" таңбасын заңсыз пайдаланушылар бар болғандықтан, ҚМДБ-дан сертификатталған кез-келген өнімді сатып алмас бұрын:
⠀
www.halaldamu.kz сайтынының
⠀
“Мекемелер тізімі” бөлімінде бар-жоқтығын тексеріп алғаныңыз абзал!
⠀