Барлық "ХАЛАЛ" таңбаға ҚМДБ жауапты ма?
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Қазір “халал” белгісі бар өнімдер мен кәсіпорындар өте көп. Еліміздегі барлық халал белгіге ҚМДБ жауапты ма?
⠀
Жауап: Сәлеметсіз бе!
Иә,қазір “халал” белгісі бар өнімдер өте көп.
⠀
🇰🇿Елімізде 10-нан аса халал сертификаттаумен айналысатын мекемелер бар.
⠀
Біз, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификатау мекемесі тек қана «ҚМДБ ХАЛАЛ» таңбасы бар өнімдердің халалдығына жауап береміз.
⠀
Бізге тұтынушылар тарапынан өзге сертификаттау органдарының “халал” таңбасына немесе кез-келген “халал”таңбасы басылған өнімнің халалдығына қатысты арыз-шағымдар келіп жатады.
⠀
Алайда, өзге халал сертификаттау органдарының:
1.бекітілген стандарт талаптары қандай;
2.«халал» сертификатын алған өнімдер мен кәсіпорындар қалай сертификатталды
3.лабораториялық тексерісті қалай,қайда жүргізіледі;
4.сертификатталған мекемелерді қадағалау-бақылау жұмыстары өткізіледі ме;
5.мамандардың шариғи білімі бар-жоқтығы
секілді басты мәселелер бізге беймәлім болғандықтан, біздің басқаруымыздағы “Халал сертификаттау” органы болмағандықтан, біз жауап бере алмаймыз!