Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 мамыр 2020

1658

Мақалалар

Кератинді шампунь халал ма?

Шампунь құрамында кездесетін кератин жайында не білеміз?

Кератин дегеніміз- шаш, жүн, тырнақ, мүйіз, тұяқ, қауырсындардың құрамына кіретін ақуыз.
Яғни, шашымыздың беріктілігі осы ақуызға байланысты болады.

Кератинді шампунь өнімдеріне қосудағы мақсат шаштың жылтырлығын, беріктілігін арттыру мақсатында қосады.

Кератинді ірі қара малдардың мүйізінен, тұяғынан қышқылды сілтілі ферменттік гидролиз арқылы қосады.

Яғни, көріп тұрғанымыздай, малдардан алынатын кератин рұқсат етілмейді.

Егер де шампунь құрамында өсімдіктерден алынатын кератин қолданылса, онда рұқсат етіледі.

Қазіргі таңда жануар текті кератиннің орнын бидай, соя, жүгері, күріш аминқышқылдарынан гидролизденіп өндірілген кератин баса алады.

Өсімдік текті кератиннің молекуласы кіші болғандықтан, ол шашқа оңай сіңеді.

Шампунь қаптамасында өсімдік текті кератин нақты көрсетіліп тұрады "Hydrolyzed Wheat Keratin/Protein" -Гидролизденген бидай кератині.

Сондықтан да өсімдік текті кератині бар шампуньдарды таңдау керек.

Көбінесе ( Hydrolyzed keratin) деген жазу да кездеседі.
Бұл жағдайда күмәнді болады.

Жануарлардан да гидролиздеу арқылы өндіретіндіктен сақтанған жөн.

Тек нақты өсімдіктен өндірілгені жазылған жағдайда ғана қолданған дұрыс.

"Халал Дамудың"
бас технолог маманы
Айжан Омарова

Бөлісу: