Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 мамыр 2020

4728

Мақалалар

Coca-Cola/Orbit/ Snickers өнімдерін неге тексермейсіздер?

Сұрақ: Ассаламуалейкум! Менің сұрағым: Coca-Cola/Orbit/ Snickers секілді әлемдік брендті өнімдерді неге тексермейсіздер? Олар халал ма? Жеуге болады ма?

Жауап: Уаалейкумассалам!Әрине, сұрағыңыз орынды.

Алайда, біз сертификаттау жұмысын сол өнімдерді өндіруші компаниялардың рұқсатымен ғана жүргізе аламыз.

Дүкеннен Coca-Cola/Orbit/ Snickers өнімдерін алып, лабораторияда тексере салып, халал-харам деп айтуға құқығымыз жоқ.

Әрі нақты "халал" не "харам" екендігін анықтау үшін лабораториялық тексерісен бөлек, өндіріс орнын, шикізат көздерін, өнім өндіру технологиясы секілді барлық тұстарын білуіміз қажет.

Әрине, сондай көпшілік тұтынатын өнімдер сертификаттаудан өтсе, нұр үстіне нұр болушы еді.

Біз өз тарапымыздан сондай әлемдік брэндті өнімдерге сертификаттаудан өту жөнінде ұсынып жасап келеміз.

Тұтынушы ретінде сіздер де сол мекемелерге өз ұсыныстарыңызды жеткізе аласыздар.

Ал, әзірге, нақты тексеріс жүргізілмегендіктен, Coca-Cola/Orbit/ Snickers секілді танымал өнімдер туралы нақты жауап бере алмаймыз!

Бөлісу: