Сабындағы күмәнді қоспалар
Сабын деп – май қышқылдарының натри тұздарын атаймыз.
⠀
Май қышқылдарының шикізат көзі мал және өсімдік майлары болып табылады.
⠀
Егер де сіз кез-келген сабын қаптамасын оқитын болсаңыз ең басты қоспа -талловат натри екенін көресіз.
⠀
Талловат натри дегеніміз – жануар текті майлардың тұздары.
⠀
19 ғасырда ірі қара мал етінің алып өндірушісі ретінде Аргентина елі сабын өндірісінің шикізатын сиыр майымен қамтамасыз етіп келген. Сиыр майынан сабын дайындалған. 20 ғасырда сиыр етіне сұраныс күшейіп, сиыр еті мен майының бағасы шарықтап өсіп кеткендіктен, талловат натри ретінде сиыр майынан 3-4 есе арзан доңыз майын қолдана бастады. Доңыз майының негізгі өндірушісі болып АҚШ, Канада, Германия, Голландия келді.
⠀
Қазіргі таңда талловат натри ретінде сабын өндірісінде доңыз майы болып есептеледі.
⠀
Әлемде талловат натри доңыз майының 98,3% натри тұздары болып есептеледі.
⠀
Доңыз майы бар сабынды қолдану арқылы адам қанына 1 минут ішінде доңыз майы түседі. Ал асқазанға түскен доңыз майы адам қанына 7-16 сағат ішінде түседі.
⠀
Сондықтан да, талловат натри (Sodium Tallowate) қоспасы бар сабындардан сақтану керек.
⠀
Сабын құрамында кездесетін рұқсат етілмейтін және күмәнді қоспалар:
- Натри талловаты (Sodium Tallowate) – рұқсат етілмейді. Мал майларынан өндіріледі.
- Қаракүзен майы mustela (Mink oil) – шариғатта тыйым салынған.
- Натри пальмитаты (Sodium Palmitate) – пальмитин қышқылы мал және өсімдік майларының құрамында болады.
- Натри стеараты немесе стеарин қышқылы (Sodium Stearate, Stearic acid) – стеарин қышқылы мал және өсімдік майларының құрамында болады.
⠀Рұқсат етілетін қоспалар: - Sodium palmate – пальма майынан өндіріледі.
- Sodium Palm Kernelate – пальманың майлы жемісінен өндіріледі.
- Sodium Cocoate – кокос майынан өндіріледі
"Халал Дамудың" бас технологы
Айжан Омарова