ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТҚАН КӘСІПОРЫНДАР
2019-2020 жылдың аралығында ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нен 340 кәсіпорын сертификаттаудан өтті. Алайда түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатқан мекемелер мен жеке кәсіпкерлер бар.
Халал стандарт талаптарына сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін барлық кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлерге қойылатын талап та, бақылау да бірдей. Ереже де, қадағалануы да қатаң. Халал стандарттау ережесіне бағынбай, талаптар мен шарттарды сақтамаған, келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін ұзартуға ниет білдірмеген мекемелер «ҚМДБ халал» сертификаттау тізімнен шығарылып отырады.
Әртүрлі себептермен, атап айтқанда, келісімшартты ұзартпауы, кәсіпорын басшыларының ауысуы, кейбір дәмхана, асхана, ет дүкені, кондитерлік өнім, қасапхана, шұжық цехы, мал сою цехтарының жабылуы, сатылып кетуі секілді себептермен бірнеше кәсіпорынның «Халал Дамумен» арадағы келісімшарты тоқтады. Жұмысы тоқтаған кәсіпорындар «ҚМДБ халал өнімдері» тізімнен және бақылауынан шығарылғанын хабарлаймыз.
"Халал Дамудың" баспасөз қызметі