Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 мамыр 2020

39

Жаңалықтар

«Тәтті ас әлемі» сертификат алды

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына  «ҚМДБ халал» стандартына сай кондитерлік және мұздатылған жартылай дайын өнімдерін ұсынатын «Рамада» кәсіпорны сертификат алды.

Кәсіпорынның кондитерлік және мұздатылған жартылай дайын өнімдері «Tatti As Alemi» сауда белгісімен шығарылады. «Рамада» мекемесінің шағын цехы қала іргесіндегі Лесная поляна қалашығында орналасқан.

Технолог мамандардың шикізат көздері мен тағамдық қоспалары,  өнім дайындау технологиясына, өндіріс орнына жүргізген бақылау-қадағалау жұмыстарынан кейін, кәсіпорынның стандарт талаптарын толықтай сақтай отырып, бекітілген тәртіпке сай өнім өндіретіндігіне көз жеткізілді.

  Атқарылған жұмыстардың оң нәтижесінен кейін «Халал Даму» директоры А.Аташев «Рамада» мекемесінің басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Алдағы уақытта мекеме жергілікті бақылаушы мамандардың қадағалауында алынып, ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратын болады.

"Халал Дамудың" баспасөз қызметі

Бөлісу: