
Тараз қ.: "Изюм" дәмханасы сертификатталды
Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына қуанышты жаңалық! «Изюм» рестораны "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.
⠀
Сертификаттау және бақылау-қадағалау жұмыстарын жергілікті жауапты өкіл Миразизов Нұрмаджан мен технолог мамандар жүргізді.
⠀
«Изюм» дәмханасы "Тағамдық қызметтер" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары" бойынша сертификатталды.
⠀
"ИЗЮМ" дәмханасының тексерістен өткендігін және "ҚМДБ халал" стандарт талаптарына толықтай сай екендігін хабарлаймыз.
⠀
Тараз қ., Әйтеке би көшесі 3а мекен-жайынан дәмді де халал тағам ұсынатын "Изюм" ресторанынан дәм тата аласыздар!
"Халал Даму" ЖШС-ң
баспасөз қызметі