Тараз.: "Ниет" шұжық цехы сертификатталды
Шұжықтың отаны саналатын Тараз өңіріндегі тағы бір кәсіпорын «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.
⠀
Жергілікті өкіл Нұрмаджан Миразизов «Niet» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.
⠀
"Niet" шұжық цехының "Қазына", "Ариста", "Дамир-р", "РИМ", "Аманат", "Сункар", "Ихлас", "Найза", "Аристократ" секілді 9 түрлі өнімі "Мал сою және ет өңдеу" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды.
⠀
"Niet" шұжық цехы өнімдерінің ҚМДБ халал стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!
"Халал Даму" ЖШС-ң
баспасөз қызметі