Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 тамыз 2020

2014

Мақалалар

Қандай сұрыпты ұнды таңдаған жөн?!

Қазіргі таңда базар мен дүкен сөрелерінде ұндардың түрлері көп-ақ. Түрлі өндірушілер мен сұрыптар арасында таңдау жасау қиынға соғады.

Көбіміз ұн сұрпы жоғары болған сайын оның сапасы да жақсы болады деп ойлаймыз. Алайда, бұл - ҚАТЕ ПІКІР.

Ұн - дәнді дақылдарды ұнтақтау арқылы алынатын тағамдық өнім.
Ол бидай, арпа, жүгері, бұршақ, сұлы дәндерінен дайындалады.

Ұнның сақталу мерзімі 5 ай. Егер қаптамада 10-18 ай деп көрсетілсе демек, стабилизатор қосылған. Өндірушілер стабилизаторды ұнның сақтау мерзімін ұзарту мақсатында пайдаланады.

Ұнның сорты жоғарылаған сайын көмірсу көбейіп, белок және басқа да дәрумендер аз болады.

Жоғары сұрыпты бидай ұнының түсі ақ-сарғылт келеді. Ұн біркелкі, алақанға алып ұстағанда бөтен заттар сезілмейді. Дәрумендер өте аз, крахмалы көп мөлшерде(80%).

Бірінші сұрыпты бидай ұны жұмсақ, майда қылып тартылған, ақшылдау келеді. Крахмал мөлшері 75%.

Екінші сұрыпты бидай ұны -  В1, В2, РР, Е секілді дәрумендер мен микроэлементтерге 2-3.5 есе бай болады. Басқа сұрыптарға қарағанда фосфор мен калций 2 есе, натрий 4 есе көп кездеседі.

Түсі жағынан жоғары сұрыпты және бірінші сұрыпты ұндардан күңгірт, құрамында кебектер болуы мүмкін. Алайда бұл – ең пайдалы бидай ұны.

"Халал Даму" ЖШС-ң
баспасөз қызметі

Бөлісу: