«KAZ TRADE CORPORATION» ЖШС компаниясы "Халал" Сертификатқа ие болды
Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан «KAZ TRADE CORPORATION» ЖШС-нің емдік қасиеті бар «Натив» атты сауда белгісімен өндіретін өнімдері ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің тексерісінен өтті. Аталмыш мекеменің өнімдерімен ҚМДБ "Шариғат және пәтуә" бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы танысып, "Халал" Сертификатын табыстады. Айта кетсек, «Натив» биогелі көптеген аурулардың алдын алуын қамтамасыз етеді. Яғни, ағзаны улардан, токсиндерден және ауыр металдардан тазартады; ас қорытуды қалпына келтіреді, артық салмақты азайтады; вирустар мен бактериялардан қорғайды, иммундық жүйені нығайтады; ұйқы, ұйқысыздық және жүйке жүйесін қалпына келтіреді.
ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі