Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 қазан 2025

7

Жаңалықтар

ШҚО: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР

Шығыс Қазақстан облысындағы «UKPF» құс фабрикасының қасапшыларына «Қасапшылық жауапты һәм сауапты» іс тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Еламан Ержанұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында қасапшылықтың шариғаттағы орны, мал сою кезіндегі негізгі талаптар мен ниеттің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, халал стандарттарына сәйкес малды бауыздау ережелері, пышақтың тазалығы мен өткірлігі, жануарға мейіріммен қарау және қасапшының жауапкершілігі сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Еламан Ержанұлы қатысушыларға практикалық мысалдар келтіре отырып, халал қағидаларының тек діни емес, сонымен қатар санитарлық және этикалық тұрғыдан да үлкен маңызы бар екенін атап өтті.

Семинар соңында қасапшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар алған білімдерін болашақта жұмыс барысында қолдануға дайын екендерін жеткізді.

Бөлісу: