Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 қазан 2025

8

Жаңалықтар

ҚЫРҒЫЗСТАН: АЙЛЫҚ АУДИТ

«Халал Даму» технологтары Аблайхан Кәріпбаев пен Гүлмира Маратқызы Қырғызстандағы кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Куликов» кондитерлік кәсіпорны, «Семейные традиции» сүт өнімдері, «Риха», «Дилнур», «Адал азық», «Тойбосс», «Аброй» шұжық цехтары тексерілді.

Аудит барысында технологтар өндіріс орындарындағы халал стандарттарының сақталу деңгейін, шикізаттың қауіпсіздігін, қоспалардың шығу тегін және өндіріс процесінің тазалығын жан-жақты саралады. Сондай-ақ өнімдердің таңбалануы, сақтау және тасымалдау шарттары да тексерістен өтті.

Тексеру нәтижесінде кейбір кәсіпорындарға өндіріс процесін жетілдіру және халал талаптарын одан әрі күшейту бойынша ұсынымдар берілді. Ал бірқатар нысандардың жұмысы стандарттарға толық сәйкес деп танылды. Сонымен қатар, тексерістің оң нәтижесінен кейін бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

«Халал Даму» мамандарының айтуынша, мұндай жоспарлы аудиттер халал өндіріс сапасын арттыруға, тұтынушылардың сенімін нығайтуға және халықаралық деңгейде өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. 



Бөлісу: