Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 қыркүйек 2016

49

Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша 21 орында құрбандық шалынады

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша 8 ауданға тағайындалған халал өкілдерімен басқосу өтті. Жиында Алматы қаласы бойынша 21 орында құрбандық шалынатыны жайлы Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет мәлімдеді. Күн тәртібінде Құрбан шалуға байланысты өзекті мәселелер көтеріліп, жауапты тұлғалар бекітілді. Биыл Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбандық малын союға ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінен арнайы Сертификат алған 60-тан астам қасапшы тартылады деп күтілуде. Құрбандық малының шариғат талаптарына сай сойылуын арнайы мамандар қадағалайды. ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі мен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі бірлесе әзірлеген құрбандық шалудың үкімі атты инфографиканы назарларыңызға ұсынамыз. Құрбандық шалудың үкімі 255012_1472712358 337651_1472712357_890_530_0 266524_1472712357_890_530_0 876721_1472712357_890_530_0 453123_1472712357_890_530_0 337651_1472712357_890_530_0 177649_1472712357_890_530_0

Бөлісу: