Павлодарда «Халал стандарттау» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді
Павлодар қаласының орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде облыс және аудан имамдары мен ҚМДБ Павлодар облысы бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің өкілі Казбек Какеновтың қатысуымен «Халал стандарттау» тақырыбы бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиында халал және харам өнімдері туралы, алдағы келе жатқан ұлық Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалу және халал мен харам жайында мешіттерде ауқымды уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, облыс өкіл имамы Павлодар қаласының әкімі Н.К.Ашимбетовпен және қалалық үкімет органдарымен жүздесіп, құрбандық шалу рәсімінің орындалуы жоспарланып жатқан қасапхананың жұмыс барысымен танысты және шариғат бойынша мал бауыздаудың талаптары жайында халал өкілі тарапынан қатысушыларға түсіндірілді. Облыс әкімі келісімін беріп, комиссия мүшелеріне дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандартту" бөлімі