Шымкентте «Қасапшылық - сауапты һәм жауапты іс» атты семинар-тренинг өтті
Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің мәжіліс залында Құрбан айт мерекесінің келуіне орай «Қасапшылық - сауапты һәм жауапты іс» атты қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арналған. Аталмыш семинар-тренингке облыс имамының орынбасары М.Естеміров, Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы әрі Халал бөлімінің жектекшісі Б.Абдірахманов және облыстық «Зекет» қорының орынбасары Ғ.Назаровтар қатысып, шариғат жолымен мал сою туралы дәріс оқыды. ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты қалалық, аудандық мешіттерде осы бағыттағы дәрістер ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.