«Таусамалы» базары қасапшыларына семинар өткізіліп, сертификат табысталды
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Таусамалы базарында орналасқан қасапхана қасапшыларына кезекті оқу-семинары өткізілді. Семинарға ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ержан Назарбек, бөлім сарапшысы Алмагуль Қуанышқызы және Таусамалы базарының қасапшылары қатысты. Қасапшыларға малды бауыздау рәсімінің шариғатымыздан алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі, үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтілді. ҚМДБ тарапынан қасапшыларға алғыс айтылып, «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты оқу – семинарын тәмәмдағандығын растайтын құжат табысталды.