«АЛЕЛЬ АГРО» АҚ-на тексеріс
2015 жылдың 1 тамызынан бастап ҚМДБ Халал стандарты бөлімінің куәлгіне ие болған мекемелердің бірі Еңбекші қазақ ауданы, Бәйтерек ауылында орналасқан «АЛЕЛЬ АГРО» АҚ. Құс еті мен жұмыртқа шығаратын мекеменің жағдайын ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша өкілі Елжанов Əнуарбек тағы бір мәрте көріп қайтқан болатын. Әнуарбек мырзаның айтуынша бұл мекеме де толығымен шариғат талаптарына сай өз қызметтерін жалғастыруда.