"Ансар Халал" ЖШС-ның шұжық өнімдері зертханалық тексерістен қайта өтті
"Халал Даму" ЖШС-ның жұмысшы тобы кеңесінің шешімімен сертификатталған кәсіпорындардың өнімдерін қайтадан зертханалық сараптамадан өткізу жұмыстары басталды. Алдағы уақытта сол зертхана тексерістерінің нәтижелері сайтымыздан жарияланатын болады.
Жуырда гендік-молекулярлық деңгейде диагностика жасайтын ПТР зертханасына "Ансар Халал" ЖШС-ның шұжық өнімдері қайтадан тексеріске өткізілді. Зертхана нәтижесі өнімде доңыз ДНҚ-сы жоғын көрсетті.
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі