"Халал Сұлтан" шұжығы қайта тексерістен өтті
“Халал Даму” ЖШС-ның жұмысшы тобы кеңесінің шешімімен сертификатталған кәсіпорындардың өнімдерін қайтадан зертханалық сараптамадан өткізу жұмыстары басталғаның хабардар еткен болатынбыз. Кезекті тексеріс "Халал Сұлтан" шұжық өнімдеріне жүргізілді.
Гендік-молекулярлық деңгейде диагностика жасайтын ПТР зертханасында “Халал Сұлтан” ЖШС-ның шұжық өнімдері қайта тексерістен өткізіліп, зертхана нәтижесі өнімде доңыз ДНҚ-сы жоғын көрсетті. Аталған мекеме ел аумағында 2003 жылдан бері ең алғаш Халал сертификатын алып, қызмет көрсете бастады. Алдағы уақытта қалған шұжық өнімдерінің зертханалық нәтижесінің қорытындысын жариялайтын боламыз.
ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі