Елордадағы «ALQA» кафесі сертификат алды
Елордамыз «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай қызмет жасайтын тағы бір асханаға толықты.
ЖК «Халал» мекемесінің «ALQA» кафесі өнімдеріне «Тамақтандыру қызметтері» 2:2016 жəне «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға жəне сатуға қойылатын жалпы талаптар» 3:2016 стандарт талаптарына сәйкес тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Эксперт-технолог мамандар «ALQA» асханасында өткізілген бақылау жұмыстарына сәйкес акт толтырып, күмәнді деп танылған өнімдер лабораториялық зертханаға жіберілді. Рұқсат етілмейтін азық-түлік өнімдері, тағамдық қоспалар, дәмдеуіштер «ҚМДБ халал» стандартына сәйкес келетін өнімдерге алмастырылды. Лабораториялық зерттеу және тексеріс қорытындысының оң нәтежие көрсеткендіктен, «Халал Даму» ЖШС директоры А.Елжанов кафенің барлық қызметкерлеріне «Халал және харам», «Е тағамдық қоспалар», «ҚМДБ халал стандартына сәйкес қызмет көрсету» тақырыбында оқу-семинарын өткізіп, сертификат табыстады.
Көп балалы аналардың құрметіне орай «ALQA» атауы берілген асхананың ішкі дизайні «ұлттық нақышқа» сәйкес көркемделіп, безендірілген.
Қасиетті Рамазан қарсаңында дәмді де халал тағамдарымен ауыз бекітушілер мен ауыз аштырушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді ниет еткен «ALQA» асханасын Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 26/2 мекен-жайы бойынша таба аласыздар.
Халал өнімдерін стандарттау бөлімі