Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 тамыз 2016

29

Жаңалықтар

«Terra Nova» ЖШС мекемесіне «Халал» сертификаты табысталды

«Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының өнімдері халал талаптары бойынша тексерістен өтті. «Terra Nova» кәсіпорны нарықта танымал «Sinalco» атауымен шығатын сусындарды өндіруші зауыт болып табылады. Өнімдерінің құрамында алкоголь анықталмады. Нақтылай айтқанда, сусын шығаратын кәсіпорындардың көбі Е 120 (Кошениль – қызғылт түс беретін жәндіктер) қоспасын жиі қолданады, ал, «Terra Nova» ЖШС кәсіпорнында бұл қоспа қолданылмайды. Пайдаланылатын бояғыш түрлері: бетакаротин, апокаротиналь (микробиологиялық текті саңырауқұлақтар), карамель (күйдірілген қант). Тұрақтандырғыштарға, қоюландырғыштарға өсімдік тектес және микробиологиялық  қоспалар түрлерін қолданады. Сулары ультракүлгін сәулелер арқылы өңдеуден өтеді. Әдетте кәсіпорындар суды сатылы фильтірлермен немесе белсендірілген көмірмен (өсімдік немесе жануар тектес жолмен алынады) тазартады. Мұндай жағдайда белсендірілген көмір қандай жолмен алынғандығы туралы сұрақ туындайды. «Terra Nova» кәсіпорнында су тазартуда белсендірілген көмір қолданылмайды. Қышқылдықты реттегіш ретінде лимон қышқылы (беті жануар тектес жолмен кристалдандырылуы мүмкін) қолданылады. ПТР зертханасында доңыздың ДНҚ-сын анықтау сараптама жұмыстары нәтижесінде өнім құрамында доңыз майының жоқ екендігі анықталды. «Terra Nova» ЖШС кәсіпорнының «Sinalco» сусын өнімдері халал талаптарына сәйкес болуына байланысты Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «Халал» сертификатын табыстады. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш кәсіпорын Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында орналасқан.

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі

IMG_2931

IMG_2937

IMG_2933

IMG_2928

IMG_2976

IMG_2972

IMG_2966

IMG_2952

IMG_2946

IMG_2944

IMG_2939

Бөлісу: