Алматы облысы: айлық тексеріс әлі де жалғасын табуда
Ауа-райының қолайсыздыған қарамастан «Халал Даму» ЖШС-ң облыстық өкілдері «ҚМДБ халал» сертификатын алған кәсіпорындарда жүргізілетін айлық тексеріс жұмыстарын тоқтатпады.
Жанәбіл Жұмабековың басшылығымен Алматы облысында айлық тексеріс әлі де жалғасын табуда.
Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан ірі кондитерлік цехтың бірі – «A-product» сауда белгісімен танылған бамбук, карамель, халва, вафли, пішен (печенье) өнімдерін өндіретін «Алматинский продукт» кәсіпорны, Қаскелең ауылындағы «Балғын ет» ет дүкені және Қошмамбет ауылындағы қасапханада кезекті тексеріс орындалды.
Тексеріс қорытындысы бойынша, аталған мекемелердің барлығында «ҚМДБ халал» стандарт талаптары толықтай сақталатындығы, өнімдердің толықтай талапқа сай екендігі анықталды.
Тексеріс оң нәтижені көрсетті.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі