Қостанай: қаңтар айының тексерісі аяқталуға жақын
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ң Қостанай өңірілік өкілдігі де қаңтар айындағы айлық тексеріс жұмыстарын өз мәресіне жеткізіп қалды.
Қостанай бойынша жауапты өкіл Алишер Балахмет өз аймағына қарасты сертификаттаудан өткен «Arzu» дәмханасы мен «Кособа» қасапханасына қарасты «Алиби ет» ет дүкенін кезекті бақылаудан өткізді.
Тексеріс нәтижесі дәмхана мен ет дүкенінде халал стандарт талаптарын бұзушылық жәйттары болмағандығын және шариғат бойынша рұқсат етілмеген өнімдер қолданылмағандығын көрсетті.
Халал өнімдерін стандарттау бқлімінің баспасөз қызметі