СҚО: АЙЛЫҚ ТЕКСЕРІС ОРЫНДАЛУДА
Қаңтар айының кезекті тексеріс жұмысы СҚО бойынша да қызу жүріп жатыр.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің СҚО аумағындағы жауапты өкілі Абылай Құрсақов өз жауапкершілігіндегі мекемелерде бақылау-қадағалау жұмыстарын тұрақты өткізіп тұрады.
Кезекті айлық тексеріс барысында халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткен «Elit Doner Kebab» дәмханасы мен «Gippo» секілді қоғамдық тамақтану орындарын тексерді.
Соңғы тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетті. Аталған мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі