МАҢҒЫСТАУ: «YUFKA» БӨРЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Рахман Кошкаров «Мұратқали» ЖК-на халал сертификатын табыстады.
«Мұратқали» ЖК-ы «Yufka» сауда белгісімен тоғыз түрлі түрікше бөрек түтікшелерін (турецкие сигары борек) өндірумен айналысады.
Мұздатылған жартылай дайын өнімдер дайындайтын мекемеге «Халал өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» 3:2016 стандарты бойынша сертификат берілді.
Түрікше бөрек түтікшелерін (турецкие сигары борек) Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 26-22 мекен-жайынан ала аласыздар!
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі