Алматы: «ДЭМИ» кәсіпорнына семинар өткізілді
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «ДЭМИ» ЖШС-і қызметкерлеріне оқу-семинар өткізді.
Жетісу ауданы, Кемел мөлтек ауданы, Ақсуат көшесі, 108 үй мекен-жайында орналасқан кәсіпорын «Рутамикс» және «Стабимикс» сауда белгілерімен шығарылатын тағамдық қоспалар өндірумен айналысады.
Кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарт талаптарына сай өнім өндірудің маңызы, «Е тағамдық қоспалар», халал стандарт бойынша өнім өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар, рұқсат етілген өнімнің адам денсаулығына тигізер пайдасы жөнінде ақпарат берілді.
Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі