ҚАРАҒАНДЫ: ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ТЕКСІРІСІ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ халал стандарты бойынша сертификатталған мекемелерді бақылаудан өткізді.
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нан сертификаттаудан өткен «Қазына», «Райан» дәмханалары, «Адал ет», «Сыбаға» ет дүкендерінде халал стандарт талаптарының қадағалануы, сақталуы, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы басты назарға алынып, тексерілді.
Бақылау қорытындысы оң нәтижені көрсетті.
ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі