Қызылорда: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесуге Бас имам бастаған ҚМДБ "Зекет" қайырымдылық қорының және "Халал Даму" ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты мамандары, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры М.Нұртазаев, жергілікті кәсіпкерлер, "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының белді мүшелері қатысты.
Кездесу барысында ҚМДБ-ның "Зекет" қайырымдылық қорының облыстағы өкілі О.Жидебаев исламдағы зекеттің шарттары мен қағидаларын айтса, "Халал өнімдердің стандарттау және сертификаттау" бөлімінің облыстағы жауапты бақылаушысы П.Шарапатова тағам технологиясы, халал өнімдер қауіпсіздігі мен сапасы, сертификаттау мақсаты жайлы түсіндірді. Бас имам Болатбек Ұласқанұлы жергілікті азаматтардың белсенділігіне ризашылығын білдіре отырып, ел игілігі үшін бірлесе жұмыс жасауға үндеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі